Биыл – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл (1846 – 2021) Жамбыл Жабаев 1846 жылғы ақпан айының 28-і күні Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады. Жамбыл “Шағым”, “Жылқышы”, “Шәбденге”, “Сәт сайланарда”, “Өстепкеде”, “Патша әмірі тарылды”, “Зілді бұйрық” сияқты өлеңінде елдің әлеуметтік саяси өмірін көрсеткен. Жамбылдың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Жамбыл 1945 жылғы мауысым айының 22-інде Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті. Мектебіміздің оқушылары жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың жыр-дастандарынан үзінділер оқыды.
 
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Кеңгір селосының N2 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдың 22-27 ақпаны аралығында «Қаржы əлемі» атты қаржылық сауаттылық апталығы өтті. Апталық аясында олимпиадалар, жобалар, сурет салудан, эссе жазудан байқаулар, конкурстар өткізілді. Онлайн кездесулер, сұхбаттар ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралардан оқушыларымыз қаржы, бизнес туралы көп мəліметтер алып, үлкен қызығушылықтар танытты.