2021 жылдың 17 ақпанында Қарағанды облысының білім басқармасы Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының

№2 ЖББМ» КММ -сінде «Денің сау болса, бәрін аласың» атты дене шынықтыру апталығының аясында ауада допты түсірмей тұрудан 9-сыныптар арасында спорттық сайыс өтті. Сайысқа оқушылар белсене қатысты. Жарыс қортындысы бойынша 9 «А» сынып оқушысы Абилдин Аян жеңіске жетті. Мақсаты: Балаларды спортқа баулу дені сау ұрпақ қалыптастыру. Спортқа деген жақсы көз қарас қалыптастыру. Бәсекені арттыру.