Қарағанды облысы оқу-әдістемілік орталығы бастамасымен «Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де 16-ақпан күні 1-4 сынып оқушыларының ата – аналарына арналған «Отбасы денсаулығы-басты құндылық!» атты викторина алынды. Мақсаты: «Отбасы құндылығы -басты құндылық!» екенін ата-аналарға дәріптеу. Викторинада ата-аналар балаларымен үйде спортпен шұғылдана ма, балалар бос уақытын қалай өткізеді, сіз спортпен шұғылданасыз ба, салауатты өмір салтын қалай ұстанасыз деген сұрақтарға жауап алынды. Келешек ұрпақтың дені сау болсын десеңіз, спорт түрлерімен шұғылдану керек екені айтылды.