Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының N2 ЖББМ» КММ -сінде «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» апталығының ашылу салтанаты қашықтықтан Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өткізілді.
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Білім алушылардың қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым – қатынас айқындамасын, адамгершілік мінез — құлықтың, әлеуметтік маңызын ашу, сондай — ақ шығармашылық шыңын көтеру.
2. Дамытушылық мақсаты: Өзін – өзі тануды оқыту білім алушының өзіндік бейімділігін ашу және оның мінез — құлқын, қабілетін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс – әрекет субьекті ретінде дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Өзін – өзі тану – даналықтың шыңы, ол – махаббат, ол – бақыттың құпиясы, ол адамның өзін — өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеу.
 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «2 ЖББОМ» КММ-де «өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті. Онкүндік барысында 10 «Б» сыныбында 2021 жылдың 12 ақпанында сынып жетекшісі А.Ж. Арынғазина «Махаббат сабақтары» тақырыбында қашықтықтан сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: мақсаты: махаббат ұғымының мәнін анықтау, студенттердің оның мағынасын түсінуіне жағдай жасау.
Міндеттері: қоғамдастық пен достық атмосферасын құру қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік сезімін дамыту;
өз сезімдерін білдіруге үйрету сапа – сезімді дамыту;
жүректің және оның ішінде өмір сүретін күштің маңыздылығын түсінуге көмектесу.
Сабақта 10 сынып оқушылары сүйіспеншілікті қалай түсінетіндерін айтты. Анаға деген махаббат, отбасына деген махаббат, достарға деген махаббат. Сонымен, сынып жетекшісі әйгілі адамдардың махаббат туралы айтқан сөздерінің мағынасын түсіндірді.