11.02.2021 ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Агибаева С.О. Кеңгір селосының #2 ЖББМ-нің 6-7 сынып оқушыларының арасында ЗУМ платформасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің аясында «Алтын жүрек анамыз» атты көркемсөз оқудан сайыс өткізді. Көркемсөз оқуға мектеп оқушылары Ана тақырыбында өлеңдер оқып, белсене атсалысты. Жүлделі орындарды иеленген оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Бұл іс-шараның мақсаты Анаға деген құрметті арттырып, Ананы сыйлау, Ана алдындағы перзенттік парызын ұғындыру.