10.02.2021ж. күні 9б сынып жетекшісі Абенова М. Ш. Кеңгір селосының #2 ЖББМ-ның 9 Б сынып ата-аналарымен ЗУМ платформасында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің аясында «Отбасы адамгершілік пен руханияттық қайнар көзі» атты тренинг өткізді.
Тренингте рухани қазынаның негізі, адамды рухани бай болуға жетелейтін қасиеттер, жақсы мен жаманды, ақиқат пен жалғанды ажырата білу үшін адамға қажетті құндылықтар жайында ата-аналар өз ойларымен бөлісті.
Тәжірибе алмасты, бала тәрбиесіндегі әдіс тәсілдерін бөлісті. Қызу талқыға түсті. Тренинг жоғары деңгейде өткізілді.