Қарағанды облысының білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімі, «Кеңгір селосының N2 ЖББМ» КММ -сінде «Құқықтық навигатор» апталығы аясында ақпанның 12-і күні мектеп психологы Сарсенбаева А.Б мен әлеуметтік педагог Алтыбаева Д.Б мектеп ата-аналарымен «Отбасы қауіпсіздік территориясы», «Балаңызды қалай түсінуге болады?», «Отбасындағы баланың құқығы» тақырыптарында ZOOM платформасы арқылы жиналыс өткізді. Мақсаты: Ата заңымызды құрметтеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, нығайту, құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту. Отбасындағы бала құқығы мен міндеттері жайлы пікірлесу. Жиналыс барысында ата- аналардан онлайн түрде «Біз қандай ата анамыз?» сауалнамасы алынып, қорытындысы ретінде ұсыныс берілді. Әлеуметтік бейнеролик көрсетілгеннен кейін бірнеше ата -ана баланың құқығы тапталу мәселесі бойынша өз ойларын ашық айтты.Ата -аналарға отбасының бала үшін ең қауіпсіз аумақ екендігі ситуациялар арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата -аналарға кеңестер берілді.