«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының бесінші күнінде жоспарға сай мектеп психологы Сарсенбаева Айым Берлибековна «Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында 5 сыныптарға ақпараттық сағат өткізді. Оқушыларға интернет қауіпсіздігі туралы, интернетте отыру тәртібі және адам ағзасына келетін зардаптары туралы айтты. Интернетке тәуелділіктің 9 белгісін атап түсіндірді.
Оқушылар «Интернет желісін пайдалану барысында қауіпсіздікті қалай ұстанасыз?» атты сауалнамаға жауап берді. Желіні пайдалану ережелерін және көз жаттығуларын, дене жаттығуларына мысалдар келтірді.










