«Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығының төртінші күнінде жоспарға сай 10 сынып оқушыларына «Веб-жобалау» тақырыбында онлайн түрде сабақ өткізілді. Информатика пәні мұғалімі Мейрамова А.А. сабақ барысында wеb жобалау туралы, wеb беттер қалай жасалады және қандай жолдармен жасалатынына мағлұмат беріп өтілді. Оқушылар HTML (Hyper text Markup Language) — «гипермәтінді белгілеу тілімен» таныса отырып, әртүрлі тапсырмалар орындап, қызығушылықпен сабаққа қатысып, сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды. 10 сынып оқушылары арасынан да осы салаға қызығушылық танытып жүрген оқушылар өз жұмыстары туралы айтып өтті.