«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығының төртінші күнінде жоспарға сай 8 сынып оқушыларына «Python бағдарламалау тілінде алгоритмдерді бағдарламалау» атты онлайн түрде ашық сабақ өтілді. Сабақ барысында оқушыларға информатика пәні мұғалімі Мейрамова А.А Python бағдарламалау тілінің шығу тарихы туралы және қазіргі заманның сұранысқа ие тілдерінің бірі екенін атап өтті. Сабақ барысында оқушылар онлайн компилятор арқылы есептер шығарды. Оқушылардың басым көпшілігі сабаққа қызығушылықпен қатысып отырды.










