«Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығының төртінші күнінде жоспарға сай Робототехника конкурсы өткізілді. Біз ақпараттық техникалар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі заман талабына сай робототехника саласы күннен күнге дамып келеді. Бұл сала еліміз үшін өте жас сала болып саналады. Мектебіміздегі «Робот техникасы» курсына қатысушы оқушылар өз жұмыстарын таныстырды. Атап айтсақ, 5 сынып оқушылары Дайрабай Нурислам, Тулеубергенов Айбек, Хамыстханова Айман жобаларын ұсынды. Робот құрастырудағы қолданған программа туралы айтып өтті.










