«Кеңгір селосының №2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының төртінші күнінде «Оқытудың белсенді әдістері» туралы дөңгелек үстел отырысы болды. Отырыс барысында оқушыларға сабақ материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер туралы және өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалану туралы пікір алмасты.