ХХ ғасырдың ұлы ақыны — Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы,Райымбек ауданының «Қарасаз» ауылында дүниеге келген. Мұқағали-туа біткен дарынды ақын. Ақынның туған жері Хан Тәңірі шыңының етегінде, биік таулар қоршаған, бұлағы көп, шалғыны мол сұлу ауыл. Табиғаттың сұлу көрінісін көріп жүріп, ақын болмау мүмкін емес те сияқты. Мұқағали сол суреттің бәрін өлеңге түсіріп отырған.