«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының екінші күнінде 9 сыныптар арасында «Менің өлкем» 3D-панорамалар байқауы ұйымдастырылды, байқауға қатыстырылған жұмыстар арасынан 9 «А» сынып оқушылары Алтыбай Алихан, Құдайберген Мирас «Ұлытау - ұлт ұясы» және «Теректі әулие» атты жұмыстарын ұсынды. 9 «Б» сынып оқушысы Еңбек Аяулым «Туған өлке» тақырыбында Image composite editer программасымен жасалған жұмысын ұсынды. Оқушылар өздерінің шағын жобалары арқылы өз қабілеттерін көрсете білді.