«Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының екінші күнінде 7-8 сыныптар арасында «Менің мектеп әлемім» атты бейнероликтер конкурсы өткізілді. 7 «Б» сынып оқушысы Асылхан Сабина «Менің мектеп әлемім» тақырыбында InShOt программасы арқылы видеоролик жасады. Ол мектеп тархындағы білікті басшылар мен ардагер ұстаздарды, қазіргі таңда жұмыс жасап жүрген ұстаздарды негізге алды. 7 «А» сынып оқушылары InShot программасымен өздерінің мектебі мен ұстаздарын және де осы күнге дейінгі мектептегі жеткен жетістіктерін жинақтап бейнеролик ұсынды. 8 «А» сынып оқушысы Сансызбай Арайлым мектеп тарихы бойынша суреттерден бейнежазба жасады.