2021 жылдың 1 ақпан күні «Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-де облыстық «Цифрлық әлем» атты ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының бірінші күні салтанат жиынмен басталды.
5-9-11 сыныптар аралығында жиын офлайн форматта өтті. Жиында барлық сақтық шаралары орындала отырып, кезекші сыныптар қатысты.
Оқу ісінің меңгерушісі Танкаева Елена Мауеновна оқушыларға сәттілік тілеп, белсенділік танытуға шақырды. Оқушыларға апталықты өткізудің негізгі мақсаты мен міндеттері таныстырылып өтілді. Оқушылар апталыққа байланысты өлең шумақтарын оқыды. «Цифрлық әлем» планетасынан келген
2 робот досымыз өз өнерлерін көрсетіп, оқушыларға сәттілік тіледі.
Одан әрі мектебіміздің ұстаздары, әр сынып жетекшілері кезекші сыныптармен санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн режимінде және қашықтықтан оқып жатқан сыныптар үшін онлайн режимінде сынып сағаттарын өткізді.
Мақсаты:
Информатика пәні бойынша білімді жалпылау және жүйелеу.










