«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, математика пәнінің мұғалімі Бекмаганбетова Бибіжамал Искаковнаның жетекшілігімен 10 – 11 сынып оқушыларымен «Математиканың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында әңгімелесті. Оқушыларға адам өмірі мен математиканың байланысты екендігі жайлы өтті. Кейбір адамдар бар математика еш қажет емес деген пікір айтушы. Сол адамдардың пікірімен келіспейтіні жайлы түсіндірді. Шынымен де, математика қай салада болмасын, күнделікті өмірімізде қолданыста болады. Мектебіміздің оқушыларына математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында талқылау жұмыстары жүргізіліп, математиканың адам өміріндегі маңызын ұғындырды.










