«Кеңгір селосының № 2 ЖОББМ» КММ-нің «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, математика пәнінің мұғалімі Асылбекова Ақмаржанның жетекшілігімен, музыка пәнінің мұғалімі Д.Р.Жолдыбаева 10 «А» сынып жетекшісі оқушыларымен «Жоғарғы оқу орнына онлайн саяхат» кездесуін «Әлемдегі ең қымбат 10 жоғары оқу орындары» атты тақырыбында ZOOM платформасында сыр-сұхбат өткізді. Оқушыларға жоғары оқу орындарына қашықтықтан саяхат жасап, оқу орны туралы мағлұмат алуларына мүмкіндік жасалынды. Болашақта өзінің ұнатқан мамандық иесі болуларына бағыт-бағдар беріліп, ақыл-кеңестер айтылды.










