2021 жылдың 25 қаңтар күні «Кеңгір селосының № 2 ЖББМ» КММ-де облыстық «МАТЕМАТИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» атты математикалық сауаттылық апталығының бірінші күні «Оқушылардың математикалық сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың компоненті» салтанатты жиынымен басталды. 5-9-11 сыныптар аралығында жиын офлайн форматта өтті. Жиынға барлық сақтық шаралары орындала отырып, кезекші сыныптар қатысты. Тәрбие ісінің меңгерушісі Аяшова Гүлмайра Шаяхметовна оқушыларға сәттілік тілеп, белсенділік танытуын білдірді. Оқушыларға математикалық сауаттылық апталығын өткізудің негізгі мақсаты мен міндеттерін таныстырып өтті. Математика пәнінің мұғалімі Арыстанова Жанар Серікқызы жиынды жүргізіп, белсенділік танытты. 2-сынып оқушылары «Сиқырлы сандар сыр шертеді» атты сандар туралы айтты.
 
Одан әрі мектебіміздің ұстаздары, әр сынып жетекшілері кезекші сыныптармен санитарлық норманы сақтай отырып офлайн режимінде, қашықтықтан оқып жатқан сыныптар үшін онлайн режимінде сынып сағаттарын өткізді.
 
Апталықтың негізгі мақсаты: Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
●білім алушыларды математикалық тапсырмаларды орындауға тарту;
●математика бойынша білім деңгейі жоғары білім алушыларды анықтау;
●оқушылар арасында математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;
●білім алушыларды өз бетінше жұмысқа тарту, олардың математикаға қызығушылығын арттыру;
●математикалық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау, математикалық ғылымдарды тереңдетіп оқуға ұмтылу;
●математика саласында білім алушыларды дамыту үшін педагогикалық технологиялар банкін қалыптастыру.
Апталық қаңтар айының 30-на дейін жалғасын таппақ.