Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының N2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 2021 жылдың 18-23 қаңтар аралығында «XXI ҒАСЫР-САУАТТЫ ҰРПАҚ ҒАСЫРЫ!» тақырыбы аясында облыстық Оқу сауаттылығы апталығы қашықтықтан жəне кезекші сыныптармен өткізілді. Апталықтың басты мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде, гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, жеке, шығармашылық қасиеттерін дамыту. Апталықтың əрбір күнінде бекітілген жоспар бойынша мазмұнды іс-шаралар жүргізілді. Апталық «ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбына саптық жиынмен басталды. «Біз бақытты ұрпақпыз!» сынып сағаттары, челлендж, «Мен елімнің ереңімін!» бейнерепортаж, сынып сағаттары, «Жалынды жастар -жарқын болашақ», «Жаңа ғасыр жастары» жарнама, челлендж, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» Kahoot test, «Бақша ағашы» Ы.Алтынсаринның шығармаларынан бестік диктант, Kahoot test, эссе жазу, шағын əңгімелерінен сахналық қойылымдар, «Жас жұлдыз» танымдық шоу, «Жаңылтпаштан жаңылма!», «1001 мақал,101 жұмбақ» танымдық сайыстар, «Ертегілер əлемі», «Балалық шақ ережелері» квест ойындары, «Сөз -зерде», «Не?Қайда?Қашан?» зияткерлік сайыстары, «Асыл сөз» шешендік өнер сайысы, «Жасөспірімдердің өмірлік құндылықтары» шеберлік сыныптар, «Қаңтарда туған қаламгер» дөңгелек үстел, «Ой мен ойын» мұғалімдердің қатысуымен сайыс, «Кітап -өмір ұстазы» буктрейлер, «Ертегілер елінде» сахналық қойылымдар, «Менің отбасым жəне кітап» фотоакция, «Букросинг» кітап алмастыру акциясы, «Дала ділмəрлары» шешендік өнер бойынша, «Ерлік білектен емес, жүректен» батырлар жырларынан сахналық қойылымдар, «Кітаппен серуен» квест ойыны, Республикалық, халықаралық кітап басып шығару кітапхана мұражайларына сырттай экскурсиялар, қазақша мультфильм «Толағай» ертегісінің кейіпкерлерінің суреттерін салу, «Менің атым-Қожа» фильмі бойынша қашықтықтан пікір алмасу, «Кітапфест» кітап фестивалі, «Ата-аналардың балаларды оқыту мен тəрбиелеудегі ролі» тақырыбында дебат жəне «Кітап оқуға қызығушылықты арттыру жолдары» жоба, дизайндер байқауы сияқты іс-шаралар. Апталықтың өз мəнінде өтуіне мектебіміздің ата-аналары, ұстаздары, оқушылары ұйымшылдық танытты.









