Пікіралмасу онлайн түрінде өтті. Екі киноның ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы айтылды. Сонымен бірге, кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалды. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар ақылды тентек. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Кинода Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды. Міне, оқушылардың пікірлері осы тақырыптар төңірегінде талқыланды. Сонымен бірге, «Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі рөлі»тақырыбынада 10-11сынып оқушыларының ата-аналары арасында дебат ұйымдастырылда. Дебат онлайн, ZOOM платформасында өткізілді.