Мектебіміздің ардагер ұстазы, 34 жыл еңбек өтілі бар Бақытгүл Амзеевнаның немересі 5 «А» сынып оқушысы Болат Шыңғысханның отбасы сахналық қойылымға белсене атсалысты. Немерелері атасы мен әжесінен ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған Қазақ билері жайлы көп мағлұмат алды.

 
Өз әділдігімен елге танылған қазақтың атақты билері: Төле би, Қазабек би, Әйтеке билерге тоқталды. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған мысалдарын айтып, мазмұнын әдемі жеткізе білді. Ата мен әжеден тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі көрегенді азамат болатыны сөзсіз. Дала ділмәрлары шығармаларын отбасымен оқып, талқылайтын, өскелен ұрпаққа ой түйгізетін тәрбиелі, білімді отбасылар көп болсын!