Жезқазған қаласының білім бөлімі «Кеңгір селосының №2 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де «XXI ҒАСЫР-САУАТТЫ ҰРПАҚ ҒАСЫРЫ!» атты апталықтың төртінші күнінің жоспарына сәйкес, Тәлімгер А.Н Салыбай, мектеп психологі А.Сарсенбаеваның ұйымдастыруымен 21-қаңтар күні мұғалімдер арасында «Ой мен ойын» сайысы өткізілді. Іс шараның негізгі мақсаты мұғалімдер арасында ауызбіршілік, ынтымақтастық және сыйластық қасиеттерді арттыру. Сайысқа екі топтан 8 мұғалім қатысты. Қатысушылардың тапқырлығы мен білімін әділ бағалау үшін әділқазылар алқасы сайланды. Сайыс 3 бөлімнен тұрды:
 
1. «Сұрақ жауап»
2. «Суреттер сөйлейді»
3. «Блиц-турнир»
 
Қатысушылар ең алдымен жасырылған топтың «Тапқырлар» және «Алғырлар» атын таңдау арқылы екі топқа бөлінді. Қатысушылар белсенді әрі қызығушылықпен қатысты. Жеңімпаз болған «Тапқырлар» тобы сұрақтардың басым бөлігіне дұрыс жауап беріп, жоғарғы 149 ұпай жинады. Жеңімпаз топ алғыс хатпен марапатталды.