Бұл сайысқа өзге ұлт өкілдері қатысты.
Мақсаты: Оқушыларды ертегілер әлеміне саяхатқа шығару, кейіпкерлердің өмірін қазіргі заманауи қоғаммен салыстыру. Келесі тапсырмаға өтуге көмектесетін жауап табу. Шарты: Барлық тапсырманы орындауда ережені сақтай отырып, әділ ойнау. Оқушылар отбасымен бірге онлайн саяхат жасай отыра, әр аялдамада жүру бағытын анықтап, түрлі деңгейдегі әр түрлі тапсырмаларды орындады. Қатысушыларға маршруттық карта беріліп, аялдамаларда кездескен ертегілердің үзінділерінен берілген тапсырмаларды орындады.
 
Ойын 8 аялдама бойынша жүргізілді. Әр аялдамада әртүрлі тапсырмалар берілген. Оқушылардың ойынға деген қызығушылығы мен ынтасын оянып, танымдық белсенділіктерін көрсете алды. Ойынға 6 отбасы қатысты.