Атты оқу сауаттылығы апталығының жоспарға сәйкес Тәлімгер А.Н Салыбайдың ұйымдастыруымен 18 қаңтар күні 10-11 сыныптар «Жаңа ғасыр жастары» челенджін Жезқазған қаласы білім бөлімінің Теректі станциясы N6 негізгі орта мектебінен қабыл алды. Оқушылар Жаңа ғасыр жастарының мүмкіндіктері, елімізде жастарға жасалған жағдайы жайлы өз ойларын бейнеролик арқылы білдірді. Челенджді Жезқазған қаласы білім бөлімінің N9 мектеп интернаты ұжымына жолдады.
Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Кеңгір селосының N2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығы аясында мектебіміздің 7 «А» сынып жетекшісі Арыстанова Жанар «Мен елімнің ертеңімін!» атты тәрбие сағатын өткізді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Агибаева Самал Оразқызының жетекшілігімен 7 «Б» сынып оқушылары «Мен елімнің ертеңімін!» тақырыбында видеоролик жасады. Сонымен бірге, мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аяшова Гүлмайра Шаяхметовнаның дайындауымен 8-9 сынып оқушылары «Жалынды жастар-жарқын болашақ» тақырыбында жарнама жасап, елін, Отанын құрметтеуге шақырды.Дәл осы тақырыпта Жүгініс Н. 8-9 сыныптармен сынып сағаттарын өткізді. Аталған іс-шарада оқушыдар: Қазақстанның болашағы өздерінің қолында екенін, біз Қазақстанмен мақтанымыз, Мен елімнің мақтан тұтар ертеңімін деген ұғымдарды мақтанышпен жеткізді.










