Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Бір ел, бір тағдыр», «Болашаққа бастар жол», «Парасатты шешім», «Елдіктің бастауы», «Жаңғыру жолы»,»Бірлігіміз жарасқан» тақырыптарында Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша деректі фильм сілтемелері мектеп оқушыларына ұсынылды. Оқушылар Тұңғыш Президент күніне арналған сынып сағаттары барысында аталған деректі фильмдерді көріп,көптеген ақпараттар алды.
 
«Кеңгір селосының N2 ЖОББМ» КММ- нің 8 «А»сынып оқушысы Асылбеков Ақберді «Достарымызды қорғайық» жануарларды қорғауға арналған әлеуметтік насихат қағаздарының қалалық байқауынан жүлдеді ІІІ орын иеленіп Мадақтама қағазымен марапатталды?? Құттықтаймыз жүлделі оқушыларымыз көп болсын? Мектеп мерейі үстем болсын!