«Кеңгір селосының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де Жалпыадамзаттық Құндылықтар Күнін өткізу аясында 2020 жылдың 23 қарашасында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген «Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі» тақырыбында біріңғай сынып сағатын онлайн және штаттық режимдерде өткізді. Сынып сағатына барлығы — 385 оқушы қатысты.
Атаулы күн аясында «Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында ата-аналар мен педагогтардың қатысуын жиналыс, 1- 8 сынып оқушылары арасында «Жүрек қуанышы» атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, мектеп кітапханасында Рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі,дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында шаттық шеңберлері, сынып сағаттары, сурет байқаулары өткізілді. Өткізілген іс-шаралар мектеп сайты мен фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілеріне жарияланды.









