Табиғат-Ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдаланып, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің басты міндетіміз. Сол табиғат- Ананың басты бөлшегі — жануарлар. Елімізде кейбір жануарлардың санының азайып кетуіне байланысты «Жануарларды қорғау туралы Заң» 2004 жылы қабылданған болатын. Сонымен қатар қазір жануарларды қорғау ұйымдары саны артып, жануарларды қорғаумен қатар өсімін молайту үшін жағдай жасауда. Біздің кіші достарымыз жануарларды қорғау,қамқор болуды жастарымыздың кішкентайынан санасына сіңіру, сүйіспеншілікке тəрбиелеу қазіргі кезде алға қойылып отырған мəселенің бірі болып табылады.Табиғаттың бір бөлшегі жануарларды аялайық! Мектебіміздің бір топ оқушылары үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін мына бейнебаян арқылы білдіруде.









