Мектебіміздің ардагер ұстазы, 34 жыл еңбек өтілі бар Бақытгүл Амзеевнаның немересі Болат Шыңғысханның отбасы сахналық қойылымға белсене атсалысты. Ұлы ақынның И.А.Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын Бақытгүл апай немерелеріне мазмұнын әдемі жеткізе білді. Акцияға қатысып, белсенділік танытқан, ынтымағы жарасқан берекелі отбасы Болат әулетіне алғысымызды білдіреміз.