«Кеңгір селосының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ – інде өткізілген Қамқоршылық кеңесі отырысының

№ 2 ХАТТАМАСЫ

Өткізілген уақыты : 17.08. 2021 жыл

Мектеп директоры: М.С.Абеева

Қамқоршылық кеңес төрайымы: Т.С. Жансейтова

Қатысқандар:

  1. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: А.А. Мусина
  2. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Г.С. Куанышова
  3. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Ж.С. Жұмабаева
  4. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Н.П. Елсукова
  5. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: К.В. Гуляс
  6. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Е.Ж.Айтбаев
  7. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Ж.У. Аяшова
  8. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: С.С. Валикариев

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі және қамқорлықтағы балаларды анықтау, зерттеу, базаны жаңарту.
  2. «Мектеп жол» қайырымдылық акциясын, Қамқоршылар күні мерекесін ұйымдастыру.
  3. Әр түрлі мәселелер

 

Тыңдалды: 1. Ж.С. Жұмабаева

         Мектеп оқушыларының отбасы жағдайын анықтау мақсатында мектептің әлеуметтік педагогы Д.Б. Алтыбаевамен бірлесе отырып жұмыстар  жасалынды.

 

Тыңдалды: 2. Т.С. Жансейтова

         Қамқоршылық кеңестің қолдауымен мектебіміздегі аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсетілуін ұйымдастыру қажет. Мектептің қамқорлыққа алынған, аз қамтылған отбасынан шыққан, көп балалы жанұядан шыққан оқушыларды қолдау мақсатында балаларды татулыққа, жанашырлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптарда «Мейірімді жүрек» мерекелік іс-шараларды өткізіп, концерттік бағдарлама ұйымдастыру керек, іс – шараларға ата-аналар, мұғалімдер және демеушілердің ат салысуын басты назарда ұстау қажет. Қамқоршылар күнін ұйымдастыру. Қамқорлыққа алынған балалардың ата-аналарына алғыс білдіру үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып, сый-құрмет көрсету.

 

Тыңдалды: 3. С.С. Валикариев

         Жалпы жоғарыда ұсынылған мәселелерге алып қосарымыз жоқ. Мектептегі балалардың әлеуметтік жағдайы анықталып, базаны жаңартылғаны дұрыс шешім. Мектепшілік ұйымдастырылып отырған қайырымдылық акцияларында демеушілік жасаймын деушілер болса, хабарласып, ұйымдастырсақ деп отырмыз.

 

Қаулы етті:

 

  1. Мектептің әлеуметтік педагогымен бірге мектептегі оқушылардың тұрмыс жағдайын анықтау барысында, тұрмыстық зерттеу актісі толтырылсын.
  2. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы мен Қамқоршылар мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылсын.
  3. Акция барысында демеушілік жасауға ниет білдірушілерге қолдау көрсетілсін.

 

 

Қамқорлық кеңесінің төрайымы:                 Т.С. Жансейтова

                                                 Хатшы:                  А.А. Мусина

 

 

 

  1. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: А.А. Мусина
  2. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Г.С. Куанышова
  3. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Ж.С. Жұмабаева
  4. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Н.П. Елсукова
  5. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:                К.В. Гуляс
  6. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:     Е.Ж.Айтбаев
  7. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Ж.У. Аяшова
  8. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: С.С. Валикариев